04 мамыр 2021 08:44

Қазақстандық кәсіпкер қырғыз президентінің кеңесшісі болды

Алмаз Ибрагимов

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қоғамдық бастамаларда қазақстандық кәсіпкер, өнеркәсіпші Алмаз Ибрагимовті кеңесшісі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмаз Ибрагимов - Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының тумасы, біраз жыл бойы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың топ-менеджері болған.

Ашық дереккөздердің мәліметінше, әр жылдары Ибрагимов Қаскелеңдегі "Полимер" зауытының директоры, "Павлодар алюминий зауыты" АҚ бас директоры, "Қазақстан алюминийі" АҚ президенті және Павлодардағы "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті болған.

Реклама
Реклама

Кәсіпкер Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін "Құрмет" және "Отан" ордендерімен марапатталған, сондай-ақ, I және III дәрежелі "Барыс" орденінің және үш дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісінің иегері, Қазақстанның минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram