02 наурыз 2015 12:18

Қазақстандықтар Ресейден азық-түлікті тонналап тасыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Рубль бағамының құлдырауы қазақстандықтардың Ресейден картоп, ет пен өзге де азық-түлікті жаппай сатып алуына әкеп соқты, - деп хабарлайды НГС.Новости. Тамаққа деген бұрын-соңды болмаған сұраныс қаңтардың ортасында басталып, ақпанда басылды.


Рубль бағамының құлдырауы қазақстандықтардың Ресейден картоп, ет пен өзге де азық-түлікті жаппай сатып алуына әкеп соқты, - деп хабарлайды НГС.Новости. Тамаққа деген бұрын-соңды болмаған сұраныс қаңтардың ортасында басталып, ақпанда басылды.

Новосібір облысының фермерлері Қазақстаннан картоп жеткізуге үлкен тапсырыс алғанын мәлімдеді. Ресейлік өнімнің бағасы рубль бағамының төмендеуіне байланысты Қазақстандағы бағаға қарағанда 8-10 рубльге (24-30 теңгеге) арзан. Желтоқсан мен қаңтар айларында жергілікті екі компанияның өзі Қазақстанға 250 тонна картоп жіберді. Алайда ақпанда бағаның көтерілуіне байланысты сұраныс та азайды. Дегенмен қазақстандықтар сол компаниялардың бар картобын түгел сатып алды. "80 тоннадай картоп қалды. Картоптың барлығы тасып алынды. Сататын түк жоқ. Менің таныстарымда да ештеңе жоқ", - дейді фермерлік шаруа қожалығының басшысы Игорь Войтенко. Енді Новосібір облысында картоптың көктемгі тапшылығы мен бағаның өсуі күтіліп отыр.

Рубль бағамының төмендеуіне байланысты қазақстандықтар азық-түліктің өзге де түрлерін жаппай сатып алды. Сұлы мен қарақұмық жармасы үлкен сұранысқа ие болды. Қарақұмықтың келісі 55 рубльден (165 теңге) сатылды. Алайда қазақстандық өндірушілер бағаны түсіргеннен кейін дүрлікпе сұраныс та тоқтады. "Қазақстандықтар Сол жағалауда бәрін көтеріп сатып алды, Толмачевский қоймасын толық сатып әкетті... Новосібірде бағасы жағынан сұлы жармасы жақсы сатылды. Оның 370-380 тоннасы тасып алынды. Қарақұмықтың 200 тоннаға жуығы "кетті", ал уатылған бұршақ "ұшты", - дейді кәсіпкер Станислав Лесковский.

Рубль бағамының төмендеуі Ресейдің сиыр етін де тартымды етті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қазақстандықтар етті топтамасымен, көлемі 200-ден 2 мың келіге дейін сатып әкеткен. Қант та жеке сатып алушылардың назарына ілікті. Алайда ресейлік өнімнің сұранысын Молдовадан әкелінетін арзан қант төмендетті. Сонымен қатар, құрақ қантын өндіруші қазақстандық кәсіпорындар да бағаны түсірді. Алайда сатушылар егер рубльдің бағамы өзгермейтін болса, дүрлікпе сұраныс қайта келеді деп күтіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети