22 наурыз 2022 | 12:38

Қазақстандықтар Токио төрінде Наурыз мерекесін тойлады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Жапониядағы қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күніне орай бас қосып, Токио төрінде Наурыз мерекесін тойлады. Бұл туралы Жапониядағы қазақ қауымдастығының өкілі Әбдібек Қалибекұлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапониядағы қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күніне орай бас қосып, Токио төрінде Наурыз мерекесін тойлады. Бұл туралы Жапониядағы қазақ қауымдастығының өкілі Әбдібек Қалибекұлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдібек Қалибекұлы Жапонияда қазақ қауымдастығы құрылғанына бір жылдан асып кеткенін, алайда пандемияға байланысты жиналыс болмағанын атап өтті.

"Биыл Ұлыстың ұлы күніне байланысты тікелей атсалысып, Жапониядағы қазақтардың басын қосайын деген оймен Токиода қазақстандықтарды жинадық. 40 шақты азамат болды. Моңғолия, Қытай қазақтары да болды. Пандемияға қарамастан бәрі келді. Домбыра шертілді, күй ойналды. Қазақтың көк байрағы Токиода аспанында көтерілді. Орта Азиядағы бауырлас мемлекеттер, оның ішінде қырғыздар, өзбектер келді. Сөйтіп, кішігірім той болды. 30-ға жуық жастар келді. Жалпы жан-жақтан 80 шақты адам жиналды. Оның ішінде 95 пайыз қазақтар болды. Бәріміз бас қосып, Ұлыстың ұлы күні - Наурызды тойладық ", - деді ол.

Реклама
Реклама

Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шараға Жапонияда жұмыс істейтін азаматтар, студенттер де қатысқан. 

"Пандемияға қарамастан, ойлағаннан да көп адам жиналды. Басты мақсат Жапониядағы қазақ қауымдастығы атынан қазақтарды бір жерге жинап, Наурыз мерекесін тойлау болды. Сол мақсат іске асып, қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Токиода алғаш рет Наурыз мерекесін тойладық", - деді ол. 

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная