Қазақстандықтарға Түркияға баруға рұқсат берілді

Фото: vladtime.ru

20 мамырдан бастап, 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін Түркияға баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

20 мамырдан бастап, 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін Түркияға баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты 28 наурызда Түркия халықаралық тасымалды тоқтатқан еді.

Қазақстан азаматтарынан басқа, Ирак, Ливия, Әзербайжан, Греция, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды азаматтары шекарадан өте алады.

Реклама
Реклама

Түркия үкіметі науқастарға төмендегі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:

  • ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, ағзаны және сүйек кемігін трансплантациялау.

Сонымен қатар, шекарадан коронавирусқа сынамасы тек теріс нәтиже көрсеткен науқастар өткізіледі.

Түркияда медициналық көмек алғысы келетін барлық шетелдік азамат туралы ақпарат алдымен халықаралық медициналық бақылау жүйесінде орналастырылады. Алдын ала растау алғаннан кейін оларға елге баруға рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Түркия маусым айының ортасынан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама