Қазақстанға 4,5 миллион доллар - Трамптың баспасөз хатшысы Байден әкімшілігін айыптады

видео кадры

Ақ үй Джо Байден әкімшілігінің шығындарын жария етті. Атап айтқанда, демократтар командасы "Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге" ақша бөлген, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Каролин Левитт Байден әкімшілігі әрекетін "ақымақтық" деп айыптап, Гватемаладағы жынысты ауыстыру операциясына 2 миллион доллар жұмсағанын айтты.

Бұған қоса, Байден басқарған кезеңде АҚШ Ирактағы жаңа шоуға және "Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге" миллиондаған доллар бөлген.

Реклама
Реклама

"Иракта жаңа шоу құруға 20 миллион доллар, ал Қазақстандағы "жалған ақпаратпен күресуге" 4,5 миллион доллар бөлінді. Байден Мысырдағы "туризмді қаржыландыруға" тағы 6 миллион доллар бөлді", - деді Левитт.

Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпарат туралы айтып тұрғанын түсіндірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама