10 қазан 2023 11:26

Қазақстанмен шекарада ақша бопсалаған. Қырғызстанда ҰҚТ мүшелерінің туыстары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: 24.kg

Қырғызстан МҰҚК Қазақстанмен шекарада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жақын туыстарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан МҰҚК Қазақстанмен шекарада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жақын туыстарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде трансұлттық қылмыстық топ Қырғызстанда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалау және өндіру үшін тұрақты қылмыстық схема ұйымдастырған.

Реклама
Реклама

"Қазір Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы "Экономикалық контрабанда" бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қырғызстан азаматтары М.О.Р. мен С.У.Т. ұсталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық схемаға қатысы бар жоғары лауазымды тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Камчы Колбаев жойылғаннан кейін соңғы бірнеше күнде Қырғызстанда оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін тұтқындау шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram