22 қазан 2022 10:10

Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қазақстан шекарасына жақын маңда орналасқан әскери қоймада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарасына жақын маңда орналасқан әскери қоймада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Сырдария облысында болған жарылыс түсірілген видео пайда болды.

Реклама
Реклама

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі оқиға 22 қазанда таңғы сағат 4.55-те Мәлік елді мекеніндегі (Қазақстан шекарасынан ондаған шақырым жерде – еск.) Қорғаныс министрлігі қоймасында болғанын хабарлады. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын, сондай-ақ жарылысқа не себеп болғанын әзірге нақтылаған жоқ.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода қатты дыбыс естіледі, кейін дүмпу толқыны пайда болып, салдарынан қоймаға жақын маңда орналасқан үйлердің терезелері сынып, кейбір пластикалық құрылымдар қираған. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram