Қазақстанның Кабулдағы елшісі "Талибан" өкілімен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның Кабулдағы елшісі "Талибан" өкілімен кездесті Фото: gov.kz

Кабулда Ауғанстанның Қазақстаннан берілетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сырты істер министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. 

Кабулда Ауғанстанның Қазақстаннан берілетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сырты істер министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқылаған.

Сондай-ақ, Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама