07 сәуір 2018 10:43

Қазақстанның қыздары Түркияда секс-құлдыққа түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altaynews.kz © altaynews.kz

Түркияның үш қаласында жүргізілген операция кезінде қылмыстық топтардың мүшелері ұсталды, олар ТМД елдерінің қыздарын Түркияға апарып, секс-индустрияда жұмысқа салған, олардың қатарында Қазақстанның қыздары да бар, полицейлер операцияларды Айдын, Ялова және Бурса қалаларында жүргізді, деп хабарлады "Sputnik Әзірбайжан".

Операция бір мезетте 17 мекенжайда жүргізілді. Оның нәтижесінде банданың 16 белсенді мүшесінің барлығы ұсталды. Қылмыстық топтың құрбандары тексеруден кейін үйлеріне жіберіледі.

Түркиялық құқық қоргау органдарының қызметкерлері үш ай бұрын күтпеген жерден банданың бір мүшесімен байланыс орнатып, ізіне түседі, оның лақап аты "Паспортстол" болған. Қылмыстық топтың ұйымдастыру жөніндегі мәселелерін шешуге отбасылардың қатысқаны анықталды - ерлері мен әйелдері.

Алдын ала жасалған схема бойынша, Әзірбайжан, Беларусь, Украина, Молдова және Қазақстан елдерінен қыздарды алдап, жақсы әрі жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұрғызамыз деп Түркияға апарған.

Әйелдер қалайда Түркияға жеткен, жеткен соң "қызық" ұсыныстар жасалған. Сол кезде-ақ олардың қолында құжаттары болмаған, тартып алған.

Сонымен қатар, қыздарды өздеріне тартумен айналысқан қылмыстық топтың "инструкторлары" телефон арқылы сөйлескенде немесе хабарлама алысқанда құпия сөздерді пайдаланған. "Көлікті жалға беру", "Туған күнге торт", "оңаша тур", "көңілді түндер" - бұл қылмыскерлердің пайдаланған цитаталарының толық тізімі емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети