11 мамыр 2021 | 13:47

Қазанда белгісіз біреулер мектепте атыс шығарды: қаза тапқандар бар

Видеодан алынған кадр

Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр. 

Реклама
Реклама

Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдікті жасөспірімді ұстады. Ол шамамен 17-де.

Агенттік жедел қызметтерге сілтеме жасап атыс кезінде тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы төрт адам жарақат алды.

Татарстан прокуратурасы оқиға орнына республиканың прокуроры Илдус Нафиков бара жатқанын хабарлады.

Татарстан президенті де сол жерге аттанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная