ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2020 | 08:23
Қазнетте полицейлер соққыға жығылған видео тарап жатыр
Қазақстандық әлеуметтік желілерде патруль полицейлері мен азаматтардың төбелесі түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық әлеуметтік желілерде патруль полицейлері мен азаматтардың төбелесі түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрда бірнеше адам тәртіп сақшыларының бірін ұрып жатқанын көруге болады. Екінші полицей қару алып, оларға орындарынан қозғалмауды бұйырып, әуеге оқ атады.
Желі пайдаланушылары мұны Қазақстанда болған деп болжады. Алайда патруль полицейлеріне шабуыл Бішкекте 27 желтоқсанға қараған түні жасалған.
АКИpress мәліметінше, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталған. Олар - 1990 және 2004 жылы туған азаматтар.
Бішкектің патруль полиция баспасөз қызметіндегілер 27 желтоқсанға қараған түнда Volkswagen Passat көлігі көше қиылысында басқа автолардың қозғалысына кедергі жасап тұрғанын көргенін мәлімдеді.
Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіге жақындаған кезде, жүргізуші мен жолаушыдан алкоголь иісі шығып тұрғанын сезеді. Олар жүргізуші куәлігі мен көліктің құжаттарын сұрағанда, жүргізуші мен жолаушылар талапты орындаудан бас тартқан. Жігіттер мас күйінде былапыт сөз айтып, қарсыласқан.
Кейін кіші сержанттың погонын жұлып, полицейге шабуыл жасаған. Содан соң тәртіп сақшысының бірі ескерту үшін әуеге оқ атқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также