14 мамыр 2020 14:41

Кедей елдердің қарызын кешіру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  REUTERS Фото: REUTERS

20-дан аса мемлекеттің 300-ден аса парламент мүшесі халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банктен кедей елдердің қарызын кешіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі парламент мүшелерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.


20-дан аса мемлекеттің 300-ден аса парламент мүшесі халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банктен кедей елдердің қарызын кешіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі парламент мүшелерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ұсыныс бергендердің арасында АҚШ сенаторы Берни Сандерс те бар. Парламент мүшелері бұл елдердің қарызын белгілі бір мерзімге тоқтата тұруды емес, оларды кешіруді талап етіп отыр. Ал Берни Сандерс кедей мемлекеттер аз ресурстарын "тұрақсыз қарыздарды" қайтарудың орнына оны өз халқының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануы керек деген пікірді ұстанады.

"Қарыздарды кешіру - Дүниежүзілік банк, халықаралық валюта қоры және басқа да халықаралық қаржы институттары коронавирустың кесірінен жүздеген миллион адамға қауіп төндіретін кедейлік, аштық пен ауру көрсеткішінің өсуінің алдын алуға септігін тигізеді", - дейді АҚШ сенаторы.

Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік банктің ең кедей елдерге қолдау көрсету шараларын қарастыратынын, бірақ қарызды мұндай жолмен кешіру олардың несиелік рейтингіне нұқсан келтіріп, арзан қаржыландырудың қол жетімділігін шектейтінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети