ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2017 | 13:03
Кек алу үшін төрт баланы өлтірген 20 жастағы қызды түрмедегілер жазалады
11 желтоқсанда Ұлыбританияның Солфорд қаласында қайғылы оқиға болды. Алапат өрт салдарынан төрт бала қаза тапты. Кейінірек бұл өрттің әдейі қойылғаны анықталып, күдіктілер сот алдында жауап беріп, абақтыға тоғытылған еді. Түрмеде Дэвид Уоррол мен Кортни Брайерлиді басқа жазасын өтеушілер жазалаған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсанда Ұлыбританияның Солфорд қаласында қайғылы оқиға болды. Алапат өрт салдарынан төрт бала қаза тапты. Кейінірек бұл өрттің әдейі қойылғаны анықталып, күдіктілер сот алдында жауап беріп, абақтыға тоғытылған еді. Түрмеде Дэвид Уоррол мен Кортни Брайерлиді басқа жазасын өтеушілер жазалаған.
Желтоқсанның басында 25 жастағы Дэвид Уорролл, 20 жастағы Кортни Брайерли және 23 жастағы Зак Болланд Солфорд қаласында үйді өртеп жіберген. Өрт салдарынан төрт бала қайтыс болды. Ең үлкені 14 жаста - Деми Пирсон, Брэндон - 8 жаста, Ласи - 7 жаста және ең кішісі Лие небәрі үште болған.
Брэндон, Ласи және Лия
Деми оқиға орнында қайтыс болды, ал Брэндон мен Ласи ауруханада көз жұмды. 16 жастағы Кайл Пирсон терезеден секіріп кетіп, аман қалды. Алайда қаза тапқан балалардың анасы, 36 жастағы Мишель Пирсон әлі де ауруханада ауыр халде жатыр.
Өрт сөндіру қызметінің мамандары алапат өрттің үш жерден шыққанын мәлімдеді (үйдің мұржасынан, кіреберіс есіктен және бірінші қабаттағы терезеден. Олар оқиға орнынан бензин қалдықтарын анықтаған. Оқиға болғаннан кейін Пирсондар отбасына бірнеше рет қоқан-лоқы жасалғаны анықталды. Қаскөйлер мен балалардың анасының арасында жанжал шыққан, соның салдарынан қылмыстық топ осылайша өш алуды ойластырған. 18 жастағы Мишельдің ұлы - Льюис бір кездері осы банданың біреуінің итін ұрып-соққан, осыдан соң олар өш алатыны туралы уәде берген.
Алайда абақтыда жазасын өтеушілер осы топтың әрекетін негізсіз деп тауып, жазалаған. Пендлбери түрмесінде жазасын өтеп жатқан Дэвид Уорролдың қолдарын сындырған, ал Кортни Брайерлидің үстіне қайнаған су құйып жіберген.
Осы оқиғадан соң Кортниді басқа түрмеге ауыстырған. Қазіргі уақытта ол сот отырысын күтіп жатыр. 20 жастағы қыз банданың мүшесі ғана болып қоймай, Пирсондар отбасынан кек алуды үгіттеп отырған.
Показать комментарии
Читайте также