Кемеровте 53 адам қаза болған өртке қатысты сауда орталығының басшылығы ұсталды

© РИА Новости

Кемеровтегі сауда орталы?тарыны? бірінде бол?ан т?тенше жа?дай дерегі бойынша 4 адам ?сталып, олардан жауап алынып жатыр. Б?л туралы Ресей Тергеу комитетіні? ресми ?кілі Светлана Петренко айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кемеровтегі сауда орталықтарының бірінде болған төтенше жағдай дерегі бойынша 4 адам ұсталып, олардан жауап алынып жатыр. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта өрттен 53 адамның қаза тапқаны расталды.

"Тергеу шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында 4 адам ұсталып, олардан жауап алынып жатыр. Олардың ішінде сол ғимаратты жалға алушы да бар. Сонымен қатар, басқарма компанияның басшысы ұсталды. Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Тергеу комитетінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, төтенше жағдай туралы хабар 25 наурызда түскі уақытта келіп түскен.  Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы - мың жарым шаршы метр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама