Кемеровте жаппай митинг: Тұрғындар Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр

© РИА Новости

Кемеровте "Зимняя вишня" сауда орталы?ында бол?ан ?рттен кейін жаппай митинг ?тіп жатыр, - деп жазады Mash.

Кемеровте "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен кейін жаппай митинг өтіп жатыр, - деп жазады Mash.

"Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

"НГС.Новости" мәліметінше, келгендер облыстық әкімшілік орналасқан алаңның маңында жүр. Митингке қатысушылар қайғылы жағдайға қатысты ойларын айтып жатыр. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, жиналғандардың алдында Кемеров мэрі Илья Сердюк сөз сөйледі.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан 64 адам қаза тапты. Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама