“Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған“: Қырғызстанда әнші ұсталды

Фото: instagram.com/kairat_primberdiev_official

Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында "Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.

Әншіге қатысты "елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрап, бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер туғызған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама