Керчь колледжіне жасалған шабуыл: Жаңа деректер шықты

© РИА Новости / Алексей Мальгавко

Керчь колледжіне шабуыл жасаған Владислав Росляков атыс шығармас бұрының өзінің жеке заттарын өртеп, белгісіз бір сейфті көміп тастаған, - деп хабарлайды РИА Новости  РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

Керчь колледжіне шабуыл жасаған Владислав Росляков атыс шығармас бұрының өзінің жеке заттарын өртеп, белгісіз бір сейфті көміп тастаған, - деп хабарлайды РИА Новости  РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, өртенген заттардың ішінде суреттер, дәптерлер және діни әдебиеттер болған.

Бұдан бөлек БАҚ өкілдері Росляковтың сейфті көтеріп бара жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Кейінірек оның сейфті көміп тастағаны айтылады.

Реклама
Реклама

Бірақ сейфтің ішінде не болғаны белгісіз.

Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды

Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікті - төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған. 

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, мұғалімдер Росляковты қарапайым студент деп сипаттаған: Ашуланбайтын, шәкіртақы алатын, заңды бұзбайтын азамат. Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін үшкүндік аза тұту күні жарияланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама