"Кешір, біз шаршадық". Ресейде әйел 39 жастағы мүгедек-ұлын өлтірді

Фото: ©РИА Новости

Ресейлік Бердск қаласының 62 жастағы тұрғыны туған күнінде 39 жастағы дәрменсіз мүгедек-ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды KP.RU.

Ресейлік Бердск қаласының 62 жастағы тұрғыны туған күнінде 39 жастағы дәрменсіз мүгедек-ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды KP.RU.

Әйел көптеген жыл бойы дәрменсіз ұлын қараудан шаршады ма, әлде ұлын аяды ма - қылмысқа неге барғаны белгісіз. Мәліметтер бойынша, 2 наурызда әйел өмір бойы қамқор болған ұлына артық мөлшерде дәрі берген, кейін өзін-өзі өлтіруге бел буған. Ол күйеуіне "Кешір, біз шаршадық" деген жазба қалдырған. Хатта ол бұған ұлы да келіскенін жазған.

Жары үйіне келгенде қайтыс болған ұлы мен өлім аузында жатқан әйелін көрген. Жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізген, бірақ ұлын құтқара алмады. 

Реклама
Реклама

Тергеу комитеті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама