30 қазан 2020 | 10:44

КХДР оңтүстіккореялық шенеуніктің өліміне қатысты түсінік берді

Фото: Flickr.com

Корея Халық Демократиялық Республикасы оңтүстіккореялық шенеуніктің өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Корея Халық Демократиялық Республикасы оңтүстіккореялық шенеуніктің өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

КХДР оңтүстіккореялық шенеуніктің өліміне қатысты оқиғаны Сеулдің өз азаматтарын тиісті деңгейде бақылай алмағанымен байланыстырады. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарлайды.

Реклама
Реклама

"Жақында болған Сары теңіздегі ұят оқиға Оңтүстік Кореяның проблемалы аймақта өз азаматын тиісті деңгейде бақылай алмауының салдары болып саналады. Сондықтан бұл оқиғаға кінәлі Оңтүстік Корея. Бұл біздің тұрақты ұстанымымыз", - деліген хабарламада.

Ким Чен Ын оңтүстіккореялық шенеуніктің өлімі үшін кешірім сұрады

Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньян осындай жағымсыз оқиғаның болуын қаламайтынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяның мұхиттар және балық аулау министрлігінің 47 жастағы қызметкері 21 қыркүйекте КХДР-ға жақын жерде инспекциялық қайықтан жоғалып кеткені хабарланған еді.

Оңтүстік Корея шенеунікті КХДР аумағына өтті деп мәлімдеген болатын. Кейін оны жергілікті балық аулау қызметі тапқан. Бірақ олар оған көмек көрсетудің орнына солтүстіккореялықтар ер адамды атып, мәйітін өртеп жіберді деп хабар таратқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная