ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2018 | 13:26
КХДР ядролық нысандарын көрсетеді - АҚШ мемхатшысы
КХДР басшысы Ким Чен Ын солтүстіккорелық ядролық нысандарға халықаралық инспекторларды жіберуге дайын. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Америкалық саясаткер Солтүстік Корея басшысымен 7 қазанда Пхеньянда кездесті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Пунгери полигонына инспекторларды жіберу мәселесі талқыланып жатқан көрінеді.
Сонымен қатар, Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы екінші кездесуді өткізу шарасы да талқыланып жатыр екен. Екі ел басшысы тұңғыш рет Сингапурда кездескен еді.
"Екі ел басшысы да келесі кездеу барысында айтарлықтай прогреске қол жеткізуге болатынына сенеді", - деді Помпео.
Осыған дейін, КХДР Йонбен қаласындағы ядролық ғылыми-зерттеу орталығын жабуға дайын екенін мәлімдеген еді. Сонымен қатар, мамандардың қатысуымен Тончхан-ни зымыран орталығы жабылады делінген.
Солтүстіккореялық БАҚ өкілдері Ким Чен Ынның Майк Помпеомен нәтижелі келіссөздер жүргізгені үшін қанағаттанатынын мәлімдеді.
Показать комментарии
Читайте также