Киевте Львов милиционерлері бүлікшілер жағына шықты

©REUTERS

Киевте тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр: Львовтан келген милиционерлер бүлікшілерге болысып, "Бүркіт" жасағына қарай оқ атуға дайын. Бұл туралы Tengrinews.kz "Газета.ru" порталына сілтеме жасап хабарлайды.Майданда бүлікшілер жағына шығып кеткен Львов милицонерлері егер құқық қорғау органдары тарапынан бір оқ атылса, оларға шабуылдауға әзір екенін айтты. Бүлікшілердің жағына 20 милиционер шығып отыр.Бұған дейін Киевтен "Аймақтар партиясы" депутаттары мен басқа да шенеуніктердің жаппай безе бастағанын хабарлаған едік. Жергілікті журналистер бұған Киев әуежайларындағы чартерлік рейстерге отырған жолаушылардың тізімін алып көз жеткізді. Соңғы мәлімет бойынша, қанды қырғынға ұласқан қақтығыста қаза тапқандардың қатары 80 адамға жетті. Елдің Ішкі істер министрі Виталий Захарченко "Бір тарапта 13, бір тарапта 67 адам қаза тапты" деп бөліп-жармай, еліміздің 80 азаматы қаза тапты деп айтқан жөн", - деп мәлімдеді.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама