09 наурыз 2022 | 09:11

Киевте "Сваты" сериалының актері қаза тапты

Фото: ya62.ru

7 наурызда Киевте кеңестік және украиналық актер, каскадер және трюк қоюшы Владимир Строкан белгісіз біреудің қолынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

7 наурызда Киевте кеңестік және украиналық актер, каскадер және трюк қоюшы Владимир Строкан белгісіз біреудің қолынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG порталына сілтеме жасап. 

Жақында актер 64-жасын тойлағаны белгілі. 

Владимир Строкань 1958 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Ол өзінің дебютін 1975 жылы Владимир Конкиннің "Переходим к любви" мелодрамасында дублер ретінде жасаған. Кәсіби авто және мотокаскадер ретінде, ол "Дорога в ад", "Допинг для ангелов", "Ха-би-ассы", "Оружие Зевса", "Одиссея капитана Блада", "Иван Подушкин. Джентльмен сыска", "Приказано уничтожить", "Сваты" сынды көптеген бірлескен ресейлік-украиналық жобаларда трюктер қойып, дублер болған. 

Реклама
Реклама

Ондаған кеңестік, украиналық, ресейлік фильмдер мен сериалдарда актер ретінде де ойнаған, олардың арасында "Работа над ошибками", "Пепел Феникса", "Золотые парни", "Оперативный псевдоним", "Возвращение Мухтара", "Брат за брата" бар.

Бұған дейін, 6 наурызда, жексенбіде Украинаның Ирпень қаласындағы Ресей армиясының атысы кезінде украиналық актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли қайтыс болғандығы белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная