Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ресейлік Lada Priora автокөлігімен әскери бөліміне барды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі фотосурет жариялап.
Солтүстік Корея басшысы Синдо ауданындағы әскери нысанға барған. Ол жасыл Lada Priora-ның артқы орнында отырған.
Естеріңізге сала кетейік, АвтоВАЗ компаниясы 2018 жылдың шілдесінен бастап Lada Priora автокөліктерін жинауды тоқтатады.