Ким Чен Ын Ресейден көмек сұрады

Камила Долаева Журналист
Ким Чен Ын. © KCNA / Reuters

Солт?стік Кореяны? басшысы Ким Чен Ын еліне салын?ан санкцияны? ?ліреуі ?шін Ресейден к?мек с?райды. Б?л туралы Пхеньян?а бар?ан Федерация Ке?есіні? басшысы Валентина Матвиенко м?лімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын еліне салынған санкцияның әліреуі үшін Ресейден көмек сұрайды. Бұл туралы Пхеньянға барған Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Ким Чен Ын Мәскеудің әлемдегі өсіп келе жатқан рөлі мен әсерін атап өткен. "Ол Сингапурдағы келіссөздерден кейін АҚШ пен КХДР-дің алған міндеттерін орындау аясында Солтүстік Кореяға салынған санкциялардың әлсіреуіне Ресейдің шара қолданатынына қатты сенеді", - деді Матвиенко.

Ол әңгіме барысында Солтүстік Корея басшысы америкалық президент Дональд Трамп туралы дұрыс сөйлегенін мәлімдеді. "Ол сингапурлық саммит сәтті өткенін дипломатша, өте дұрыс айтты", - деді Федерация кеңесі басшысы. Сонымен қатар, АҚШ-пен келіссөздерде "екінші жақтың келісімінсіз біржақты шешім" жосарланбағанын хабарлады. 

Реклама
Реклама

Матвиенконың айтуынша, Солтүстік Корея басшысы денуклеаризация, Оңтүстік Кореямен диалог және бірігу жолында нық қозғалуға ниетті, сонымен қатар, теміржол және автомобиль жолдарын біріктіру жоспарда. 

Бұдан бөлек, Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын керемет деп атап, оған жауап қайтарды дейді саясаткер. "Ол Владимир Владимировичке ең жақсы тілегін, оның Ресейдің Солтүстік Кореяны қолдау мен серіктестікті нығайтуға бағытталған жұмыстарын жоғары бағалайтынын жеткізуді сұрады", - деді ол. 

Матвиенко КХДР басшысымен 8 қыркүйекте кездесті. 

Бірінші екіжақты АҚШ пен КХДР басшылары саммиті 12 маусымда өткен. Нәтижесінде олар құжаттарға қол қойды. Оны Трамп "маңызды, барлығын тегіс қамти алатын және жан-жақты" деп атаған.  Ким Чен Ын серіктесіне алғысын айтып, барлық келіспеушілікті артта қалдыруын сұрады. Саммиттен кейін екі елдің қарым-қатынасы кішене жақсарды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама