Ким Чен Ынның ағасын өлтірді деген күдікті ұсталды

© Russia Now

Малайзия полициясы Ким Чен Ынны? а?асына шабуыл жасады делінген мьянмалы? ?йелді ?стады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Bernama арнасына сілтеме жасап. 

Малайзия полициясы Ким Чен Ынның ағасына шабуыл жасады делінген мьянмалық әйелді ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Bernama арнасына сілтеме жасап. 

Күдікті Куала-Лумпур әуежайында ұсталған. Істің өзге мән-жайы журналистерге айтылмады. 

Еске салайық, Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйелдің улы ине салып өлтіргені хабарланған болатын. Оқиғадан кейін әйелдер таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болған. Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта жасалған шабуылдан кейін Путраджая ауруханасына барар жолда қайтыс болған. Ким Чон Нам отбасы тұрып жатқан Макаоға ұшпақ болған еді.

Реклама
Реклама

Путраджая ауруханасында медициналық сараптама жасалмайтындықтан, Ким Чон Намның мәйітін Малайзия астанасы Куала-Лумпурге алып кеткен.

Оңтүстік кореялық барлау қызметінің мәліметі бойынша шабуылдаған әйелдер әлі Малайзия аумағында. Ал жапондық арнайы қызмет шабуылдағандардың тірі емес болуы мүмкін екенін айтады. АҚШ билігінің өкілдері бұл шабуылға Солтүстік Кореяның арнайы қызметінің қатысы барына сенімді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама