28 желтоқсан 2023 16:21

Ким Чен Ын Солтүстік Корея армиясын соғысқа дайындалуға шақырды

Фото: kcna.kp

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чем Ын әскерилер мен қару өндірушілерді соғысқа дайындықты тездетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кореяның Орталық телеграф агенттігі (КОТА) сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басқарушы Еңбек партиясының Орталық комитеті пленумында Ким Чен Ын Солтүстік Корея армиясы мен әскери өнеркәсіп ықтимал соғысқа дайындық жұмыстарын жеделдетуі керек деп мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, қарулы қақтығыс қаупі АҚШ пен оның одақтастары тарапынан "қақтығыс әрекеттеріне" байланысты артқан.

Реклама
Реклама

"Ким Чен Ын соғысқа дайындықты жақсартуды одан әрі жеделдету үшін Корей халық армиясы, әскери өнеркәсіп салалары, ядролық қару және азаматтық қорғанысқа жауынгерлік миссияларды белгіледі", - делінген агенттік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол 2024 жылды бесжылдық жоспарды жүзеге асыру үшін "шешуші жыл" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram