28 сәуір 2022 09:16

КҚК мұнай төгілгені үшін 5,3 миллиард рубль төлеуге міндеттелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Каспий құбыр консорциумының мұнай сақтау қоймасы. Фото ©️ РИА Новости

Каспий Құбыр Консорциумы мұнай төгілгені үшін 5 миллиард 285 миллион рубль төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Роспироднадзор басшысы Светлана Родионова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий Құбыр Консорциумы мұнай төгілгені үшін 5 миллиард 285 миллион рубль төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Роспироднадзор басшысы Светлана Родионова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Краснодар өлкесінің арбитраждық соты Росприроднадзордың барлық талаптарын толық қанағаттандырды. Каспий құбыр консорциумы табиғатқа келтірілген зиян үшін 5,285 миллиард рубль (32 миллиард теңгеден астам. - Ескерту) төлейді", - деп жазды Радионова Telegram-да.

Оның айтуынша, КҚК Новороссийск маңындағы мұнай төгілуіне байланысты келтірілген шығынды өз еркімен өтеуден бас тартып отыр. Сондықтан Росприроднадзор бұл ақшаны сот арқылы өндіруге мәжбүр болған.

Реклама
Реклама

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, компания сот шешімімен келіспейді.

"Біз сот алдында өз ұстанымымызды қорғауды, залалды бағалау кезінде төгілген заттардың көлемін, тиісінше, өтемақы талап етілетін соманы асыра бағалауға мүмкіндік беретін әдістердің дұрыстығы мен жетілмегендігін дәлелдейміз", - деді КҚК баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram