Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

© REUTERS

Желіде әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант мініп, апатқа ұшыраған тікұшақтың суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант мініп, апатқа ұшыраған тікұшақтың суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан.

Реклама
Реклама

Бес адамның қаза тапқаны расталды. 

Сондай-ақ, баскетболшымен бірге әуе апатынан оның 13 жастағы қызы қаза тапты.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.

Баскетболшының жанкүйерлері гүл шоқтарын апарып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама