ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қаңтар 2020 09:16
Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды
Желіде әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант мініп, апатқа ұшыраған тікұшақтың суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан.
Бес адамның қаза тапқаны расталды.
Сондай-ақ, баскетболшымен бірге әуе апатынан оның 13 жастағы қызы қаза тапты.
Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.
Баскетболшының жанкүйерлері гүл шоқтарын апарып жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу