Көлік қағып мерт болған 6 жасар балаға қатысты қорытынды жұрттың жағасын ұстатты

М?скеу т?біндегі Железнодорожный ?аласында б?рын-со?ды болма?ан о?и?а ж?ртты? жа?асын ?статты. К?лік ?а?ып мерт бол?ан баланы? сот-медициналы? сараптамасын жаса?ан мамандар оны 2,7 промилле де?гейінде мас бол?ан деген ?орытынды шы?ар?ан. Айта кетейік, масты?ты? б?л де?гейіне жету ?шін бала кем дегенде бір ш?лмек ара? ішуі тиіс. Б?л туралы "ВКонтакте" желісіндегі Mash паблигінде хабарланды. 

Мәскеу түбіндегі Железнодорожный қаласында бұрын-соңды болмаған оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Көлік қағып мерт болған баланың сот-медициналық сараптамасын жасаған мамандар оны 2,7 промилле деңгейінде мас болған деген қорытынды шығарған. Айта кетейік, мастықтың бұл деңгейіне жету үшін бала кем дегенде бір шөлмек арақ ішуі тиіс. Бұл туралы "ВКонтакте" желісіндегі Mash паблигінде хабарланды. 

Қайғылы оқиға 23 сәуірде Павлино ықшамауданының №39 үйінің ауласында болған. 6 жасар Алеша Шимко атасымен бірге серуендеп жүрген. Осы кезде 31 жастағы жергілікті әйел мінген Hyundai Solaris көлігі баланы басып кетіп, көлік астында он шақты метрге дейін сүйреп барған. Бала оқиға орнында қаза тапқан. 

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері әйелдің оқиға кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқанын және сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтып берген. 

Реклама
Реклама

Кейін бұл істе қорытынды шықты: баланың қанынан 2,7 промилле алкоголь табылған. Құжатқа қарағанда, алты жасар бала арақ ішкен. Осыдан кейін қаза тапқан баланың әке-шешесі кешенді сараптама жүргізуді талап етіп, ал тергеу кезінде куәгерлерге қысым жасалғанын мәлімдеді. Айтуларынша қылмыстық іс бір айдан кейін ғана қозғалған. 

РФ Мәскеу облысы бойынша Тергеу басқармасы жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істің өндірісін алуға өтініш жасады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама