ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2017 | 13:14
Көліктен басын шығарамын деп опат болған жалаңаш келіншекке қатысты жаңа деректер анықталды
35 жастағы ресейлік турист Наталья Бородинаның Доминикан республикасында қаза тапқан кезде көлік тізгінінде болған Украина азаматын жергілікті полиция қызметі қамауға алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы телефон арқылы Венесуэланың Доминикан республикасында орналасқан ресейлік елшілігінің өкілі Зураб Перадзе мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
35 жастағы ресейлік турист Наталья Бородинаның Доминикан республикасында қаза тапқан кезде көлік тізгінінде болған Украина азаматын жергілікті полиция қызметі қамауға алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы телефон арқылы Венесуэланың Доминикан республикасында орналасқан ресейлік елшілігінің өкілі Зураб Перадзе мәлімдеді.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тар ресейлік 35 жастағы турист Наталья Бородинаның Доминикан республикасында қаза тапқан сәтінің видеосын жариялаған еді.
Кадрлардан оқиға кезінде қыздың өзін тым еркін сезініп, көліктегі қауіпсіздік ережелерін естен шығарғанын аңғаруға болады. Жалаңаш отырған қыз күліп, көңіл көтерумен болған. Басын көліктің шеткі терезесінен шығара бергенде ол жол бойында тұратын ескерту тақтасына соғылған. Оқиғаны көлікте болған Украина азаматы Иванна Бойрачук видеоға түсіріп отырған.
Ескерту! 18+
БАҚ мәліметінше, Наталья Бородинаның немен күн көргені әлі де белгісіз. Келіншектің құрбысы ресейлік L!FE басылымына берген сұхбатында оның қымбат эскорт қызмет көрсететінін айтқан. Алайда бұл мәлімет расталған жоқ. "Әлеуметтік желіде жариялаған суреттерден оның қарапайым өмір сүрмегені анық", - деп жазады Forumdaily.com.
Кейінірек Доминикан БАҚ-тары жол апатының мән-жайын хабарлады. Ресейлік турист 35-те екен. Ол осы елде демалып жүрген. Қайғылы оқиға кезінде көлік тізгінінде Украина азаматы болыпты. Марқұмның артында 11 жастағы баласы қалды.
"Ол (Украина азаматы) ұсталды. Кейбір мәліметтер бойынша ол көлікті мас күйінде жүргізген", - деді Перадзе. Алайда елші оның қамауға алынғаны жайлы ештеңе білмейді екен.
Перадзенің айтуынша, сақтандыру компаниясы осы мәселемен айналысып жатыр. "Туыстары Наталья Бородинаның мәйітін кремация жасамай, табытпен елге жеткізуді сұрап отыр. Құжаттарды мен рәсімдеймін", - деді елші.
Показать комментарии
Читайте также