Колумбияда бір қаланы сел басты: 250-ден аса адам қаза тапты

Колумбияда бір қаланы сел басты: 250-ден аса адам қаза тапты © REUTERS

Колумбияны? Путумайо провинциясында сел ж?ріп, 250-ден аса адам ?аза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Колумбияның Путумайо провинциясында сел жүріп, 250-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға 1 сәуірге қараған түні болған. Мокоа, Сангояко және Мулатос өзендері арнасынан тасып кеткен. Сел Мокоа қаласының 17 ауданында жүрген, онда жалпы халық саны 45 мың адам тұрған. Елде ұлттық төтенше жағдай жарияланған.

Ел президенті Хуаан Мануэль Сантостың мәліметінше, Колумбияда сел салдарынан 254 адам қаза тапқан. "Бұл өте қайғылы сан", - деді Сантос өз мәлімдемесінде. Осыған дейін 150 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған. 400-ге жуық адам жарақат алған, 220 адам із-түссісз жоғалғандар қатарында. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама