26 маусым 2021 14:16

Колумбия президенті отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ жаудырды

@REUTERS

Бортында Колумбия президенті Иван Дуке отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бортында Колумбия президенті Иван Дуке отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Президент Иван Дуке ұшатын тікұшақ Сардината муниципалитетінен, Солтүстік Сантандер департаментінен шыққан кезде шабуылданды. Тікұшаққа кем дегенде алты оқ атылды, ұшқыштар мен экипаждың тәжірибесінің арқасында жағдай шешілді", - деп хабарланды Noticias Caracol телеарнасында.

Реклама
Реклама

Президентпен бірге тікұшақта қорғаныс министрі, ІІМ басшысы, Кукута департамент губернаторы және мэрі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, президент пен жанындағы адамдар зардап шеккен жоқ.

Кейінірек Колумбия президенті ұшағына шабуыл жасалғанын растады.

"Мен Сардинатада жұмысымды аяқтағаннан кейін және Кукута қаласына қонуға жақындағанда президенттік тікұшаққа шабуыл жасалғанын елге хабарлағым келеді", - деді Дуке үндеуінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram