Конгода БҰҰ қызметкерлерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: © РИА Новости

Конго Демократиялық Республикасындағы әскери трибунал БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 50-ден астам адамды өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Конго Демократиялық Республикасындағы әскери трибунал БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 50-ден астам адамды өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

54 айыпталушының біреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы екеуі ақталды. Осылайша, 51 адам өлім жазасына кесілді. Конгода 2003 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған, сондықтан сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

БҰҰ-ның екі сарапшысын өлтіру оқиғасы 2017 жылдың наурыз айында болған. Швеция азаматы Заида Каталан мен АҚШ азаматы Майкл Шарп Конгоның Касаи провинциясында жоғалып кетті. Екі аптадан кейін олардың денесі табылды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында содырлардың ауылдарға жасаған шабуылынан ондаған адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Елдің шығысындағы Итури провинциясының Джугу ауданында қарулы адамдар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірді. Әзірге билік шабуылдарды ұйымдастырған қылмыстық топ туралы мәліметті жарияламай отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама