Конгода Эболаға қарсы вакцинация басталды

Twitter/WHO African Region

Конго Демократиялық республикасында Эболаға қарсы вакцинация басталды, - деп хабарлайды Reuters.

Конго Демократиялық республикасында Эболаға қарсы вакцинация басталды, - деп хабарлайды Reuters.

Бірінші болып вакцина Эбола жұқтырған алғашқы науқас жатқызылған медициналық орталық қызметкерлеріне салынды. 

"Эболаға қарсы вакцинация кампаниясы Конго Демократиялық республикасындағы Бутембода басталды", - делінген орталықтың Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

ДДҰ мәліметінше, жұма күні қалаға Эболаға қарсы 1,2 доза вакцина мен вакцинацияға қажет жабдықтар әкелінген. 

Конго республикасы мұның алдындағы вирус ошағы болған Бутембода вирус қайта тарай бастағаны 7 ақпанда белгілі болғанын растады. 

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында 44 жыл бұрын Эбола вирусын анықтаған микробиолог Жан-Жак Муембе-Тамфум елде қайтадан вирус тарауы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ғалымның бұл мәлімдемесінен кейін Гвинея вирус тарай бастағанын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная