03 наурыз 2022 15:01

Конор Макгрегор "Челси" клубын сатып алуға ниет білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор лондондық "Челси" футбол клубын сатып алуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор лондондық "Челси" футбол клубын сатып алуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Макгрегор бизнесмен Роман Абрамович клубты сату туралы ақпаратты жариялағаннан кейін Twitter парақшасында хабарлады. Ол клубты сатып алуды талқылап жатқан хат-хабардың скриншотын жариялады.

Реклама
Реклама

Кейінірек ол спортшы Абрамович екеуінің анимациялық кейіпкерлері клубтың сатылуын талқылап жатқаны туралы видео жариялады.

"Челси" мәмілесі 2-ден 4 миллиард фунтқа дейін болуы мүмкін. Daily Mail басылымы МакГрегорда мұндай қаражат жоқ екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram