26 қаңтар 2022 | 18:01

Кореяда коронавирус штамын анықтауға арналған биодатчик жасалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Оңтүстік Кореяның бір топ ғалымдары COVID-19-ды 30 минут ішінде анықтайтын скринингтік биодатчик жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяның бір топ ғалымдары COVID-19-ды 30 минут ішінде анықтайтын скринингтік биодатчик жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

Корея ғылым және технология институтында (KIST) Ли Кван Хи басқаратын топ ACE2 деп аталатын ангиотензинді түрлендіретін фермент (вирусты бөгейтін ACE2 ақуызы бар жасушалар) арқылы штамдарды анықтайтын биодатчик жасап шығарды. 

Ғалымдардың пікірінше, ақуыздың пайдасы вирусқа тиімді әрекет ететіндігімен байланысты, оны жұқтыруға тырысатын жасушалардың бетіндегі ACE 2 ақуызын алшақтатады.

Реклама
Реклама

ПТР сынамасы қазіргі уақытта коронавирусты анықтаудың ең көп қолданылатын әдісі, ол SARS-CoV-2, COVID-19 вирусының генетикалық материалын іздейтін молекулалық тест.

ПТР тестінің нәтижелері әдетте кем дегенде бірнеше сағатты алады, ал биодатчик 30 минут ішінде COVID-19-ды анықтайды.

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясының 13 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Бұл пандемияның барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная