Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

pixabay.com

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі растады.

"18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында елде заңсыз жүрген Қазақстанның 19 азаматы төбелес шығарды. Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста", - деді Смадияров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама