12 қараша 2021 | 09:03

"Қорқытуға жол бермейміз". ЕО Лукашенкоға жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Еуропалық Одақ Беларусь президенті Александр Лукашенконың шекараларды жабу кезінде газ транзитін тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық Одақ Беларусь президенті Александр Лукашенконың шекараларды жабу кезінде газ транзитін тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында экономика жөніндегі еурокомиссар Паоло Джентилони ЕО Лукашенконы Белоруссия аумағы арқылы Еуропаға газ жеткізуді тоқтату туралы мәлімдемесімен қорқытуға жол бермейтінін айтты.

"Газ жеткізу мәселелерінде жеткізуші елдермен - Африка, Норвегия, Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынасымызды барынша пайдалануымыз керек , Лукашенконың бізді қорқытуына жол бермейміз", - деді Джентилони.

Реклама
Реклама

Еурокомиссар ЕО елдеріне газ жеткізу қауіпсіздігі мәселелері 2022 жылы бекітілетін "ЕО Стратегиялық компасы" деп аталатын Еуроодақтың қорғаныс тұжырымдамасына енгізілетінін растады. 

"Ямал - Еуропа" газ құбыры төрт елдің аумағы арқылы өтеді: Ресей, Беларусь, Польша және Германия. Жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Газ құбырының белоруссиялық бөлімі бес компрессорлық станциядан тұрады, оның ұзындығы - 575 шақырым.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Батыс елдеріне жаңа санкциялар мен шекаралардың жабылуына қауіп төндірмес бұрын ойлануға кеңес беріп, жауап ретінде Еуропаға газ транзитін тоқтатамын деп қорқытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная