Король гвардиясының сарбазы II Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Король гвардиясының сарбазы II Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды

Корольдік гвардия сарбазы патшайым ІІ Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Корольдік гвардия сарбазы патшайым ІІ Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым Вестминстер сарайында патшайым II Елизаветамен қоштасу рәсімінде табыттың жанында кезекшілікте тұрған гвардияшылардың бірі есінен танып құлағанын жазды.

Жарнама
Жарнама

Желіде тараған видеодан сарбаздың құлағанға дейін мінберден түсіп, шыққаны көрінеді. Кейін бірнеше секундтан кейін ол тас еденге құлап түседі.

Осы сәтті салтанатты шараның тікелей эфирі бірнеше минутқа үзілді. Екі полицей сарбазға көмектесуге асықты, ал қалғандары табыттың жанында кезекшіліктерін жалғастырды. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама