02 наурыз 2021 | 09:36

Коронавирус 2019 жылдың желтоқсанынан бұрын тараған болуы мүмкін - ДДҰ зерттеушілері

ДДҰ сарапшылар тобы

Пандемия себептерін зерттеумен айналысып жатқан ДДҰ сарапшылары 2019 жылдың желтоқсанында Уханда тараған коронавирус бұрын болжанғаннан гөрі ертерек тараған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы CNN мәлімдеді, - деп хабарлайды RT

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пандемия себептерін зерттеумен айналысып жатқан ДДҰ сарапшылары 2019 жылдың желтоқсанында Уханда тараған коронавирус бұрын болжанғаннан гөрі ертерек тараған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы CNN мәлімдеді, - деп хабарлайды RT

ДДҰ делегациясы басшысы Питер Бен Эмбарек арнаға берген сұхбатында ол әріптестерімен ауру тарауының басқа да ірі себептерін тапқанын айтты. Ғалымдар алғаш рет Уханда желтоқсанның өзінде вирустың ондаған штамы болғанын айтты. Одан бөлек, мамандар алғашқы науқастармен сөйлескен, ол 8 желтоқсанда вирус жұқтырған кеңсе қызметкері болып шыққан.      

CNN мәліметінше, жаңа, нақты мәліметтер басқа ғалымдардың коронавирус Қытайдан 2019 жылдың желтоқсан айынан бұрын тарай бастады деген сөзін растауы мүмкін. Бен Эмбаректің сөзінше, қытайлық ғалымдар ДДҰ сарапшыларына Уханда коронавирус жұқтырған 174 жағдайдың құжатын берген, оның 100-і зертханалық тестпен анықталса, 74-і науқастардың симптомы арлықы клиникалық диагнозбен анықталған. 

Реклама
Реклама

Ғалымның айтуынша, ол адамдар ауруды ауыр өткізгендіктен бірден анықталған. Демек Уханда желтоқсан айының өзінде 1000-ға жуық адам коронавирус жұқтырып үлгерген. 

"Біз әлі ешқандай модель құрған жоқпыз. Бірақ болжам бойынша, вирус жұқтырғандар арасында шамамен 15 пайызы ауруды ауыр өткізген, ал көбінде жеңіл түрде өткен", - дейді Бен Эмбарек. 

Зерттеушінің сөзінше, ДДҰ сарапшылары қытайлық әріптестерімен бірлесіп, зерттелетін вирустың генетикалық материалының түрлерін кеңейткен, бұл 2019 жылдың желтоқсанында анықталған SARS-COV-2-нің 13 түрлі геномын табуға көмектескен. Бұл сол кездегі ауру мәліметтерін өзге елдермен салыстырғанда, бұл ақпараттар коронавирустың желтоқсанға дейін қалай және қашан таралғаны туралы толық түсінік алуға көмектеседі.

Бен Эмбарек коронавирустың 13 түрлі геномы туралы толығырақ мәлімет беруден бас тартқан. Алайда өзге сарапшылар мен вирусологтардың сөзінше, штамның сонша түрінің болуы вирус 2019 жылдың желтоқсанына дейін де болғанын көрсетеді. 

Сонымен қатар, ДДҰ делегациясы басшысы ұйымның сарапшылар тобы алдағы айда Қытайға зерттеу жұмысын жалғастыру үшін қайтадан баратынын айтады. Маман ғалымдар алғашқы сапар кезінде зерттеу алмаған материалдарға қол жеткізеді деп үміттенетінін айтты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная