ПОДЕЛИТЬСЯ
29 тамыз 2020 | 16:30
Коронавирус: Чехияда екінші рекорд тіркелді
Чехияда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 486 дерегі тіркелді. Бұл - пандемия басталғаннан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, осыған дейінгі рекорд 21 тамызда тіркелген. Сол уақытта 503 адам СOVID-19 жұқтырған.
"Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 486 жаңа дерегі тіркелген. Бұл - пандемия басталғаннан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш. Республикада 5 861 адам коронавирус жұқтырды. Оның 139-ы ауруханада жатыр әрі 32 науқастың жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.
Пандемия басталғаннан бері Чехияда 23 777 адам СOVID-19 жұқтырды. 17 497 науқас дертінен айықты, 419 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также