18 маусым 2020 09:15

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 18 маусымдағы таңғы жағдай

REUTERS©

18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 8 320 288 адамнан коронавирус табылған. 447 628 науқас қайтыс болған, ал 4 035 605 адам аурудан жазылған. 

Реклама
Реклама

Коронавирус жылдам тарап жатқан он ел:

АҚШ - 2 161 593 адам вирус жұқтырған, 117 694 науқас көз жұмған,

Бразилия - 955 377 адам вирус жұқтырған, 46 510 науқас көз жұмған,

Ресей - 552 549 адам вирус жұқтырған, 7468 науқас көз жұмған,

Үндістан - 354 065 адам вирус жұқтырған, 11 903 науқас көз жұмған,

Ұлыбритания - 300 717 адам вирус жұқтырған, 42 238 науқас көз жұмған,

Испания - 244 683 адам вирус жұқтырған, 27 136 науқас көз жұмған,

Перу - 240 908 адам вирус жұқтырған, 7257 науқас көз жұмған,

Италия - 237 828 адам вирус жұқтырған, 34 448 науқас көз жұмған,

Чили - 220 628 адам вирус жұқтырған, 3615 науқас көз жұмған,

Иран - 195 051 адам вирус жұқтырған, 9185 науқас көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 8 061 550 адам коронавирус жұқтырған, 440 290 науқас қайтыс болған. Дүние жүзінде соңғы бір тәулікте 118 502 адамнан COVID-19 табылған.  

Қазақстанда эпидемия кезінде барлығы 15 542 адам коронавирус жұқтырған. 9 902 науқас аурудан жазылса, 97 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram