03 маусым 2020 | 09:32

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 3 маусым таңғы жағдай

© REUTERS

3 маусым таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 6,3 миллионнан асты. Деректер Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметіне сүйеніп жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 маусым таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 6,3 миллионнан асты. Деректер Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметіне сүйеніп жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Университет мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 6 372 447, оның ішінде 379 709 адам қайтыс болса, 2 725 541 адам аурудан айығып шыққан.  

Реклама
Реклама

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша ондықта:

АҚШ - 1 831 435 науқас, 106 180 адам қайтыс болған,

Бразилия - 555 383 науқас, 31 199 адам қайтыс болған,

Ресей - 423 186 науқас, 5031 адам қайтыс болған,

Ұлыбритания - 279 392 науқас, 39 452 адам қайтыс болған,

Испания - 239 932 науқас, 27 127 адам қайтыс болған,

Италия - 233 515 науқас, 33 530 адам қайтыс болған,

Индия - 207 183 науқас, 5829 адам қайтыс болған,

Франция - 188 450 науқас, 28 943 адам қайтыс болған,

Германия - 183 879 науқас, 8563 адам қайтыс болған,

Перу - 170 039 науқас, 4634 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі басқаша. ДДҰ мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 6 194 533, қайтыс болғандар саны - 376 320. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 11 976-ға жетті. Оның ішінде 5941 адам аурудан айықса, 41 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram