Италияның Монза қаласында (Миланның жанында) 34 жастағы медбике коронавирус жұқтырғанын білгеннен кейін өзіне қол салған. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Даниэла Трецци Италияның коронавирус ең көп тараған аймағы Ломбардиядағы Сан-Херардо ауруханасында интенсив терапия бөлімінде жұмыс істеген. 10 наурыздан бастап ол коронавирус инфекциясының белгілері болғандықтан, карантинге жатқызылған.
COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін медбике өз-өзіне қол салған.
Италия медбикелер ұлттық федерациясының мәліметі бойынша, Трецци басқа адамдарға коронавирус жұқтырудан қорқып, "қатты күйзелістен" зардап шеккен. Олар Даниэла өз-өзін өлтірген алғашқы медициналық қызметкер емес екенін айтады. Осыдан бір апта бұрын Венецияда медбике дәл осындай жағдайда суицид жасаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!