27 ақпан 2020 12:39

Коронавирус Қытайдан шықпауы мүмкін - арнайы комиссия

© REUTERS

Бейжің өкілдері коронавирустың түп-тамыры Қытайда шықпаған болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды CGTN.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжің өкілдері коронавирустың түп-тамыры Қытайда шықпаған болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды CGTN.

"COVID-19 коронавирус инфекциясы алғаш рет Қытай орталығында тіркелді. Алайда дәл қазір осы індет Қытайдан шықты деп айтуға дәлел жоқ. Қазіргі уақытта инфекция бүкіл әлем бойынша тарап жатыр", - деді Пневмониямен күрес арнайы комиссиясының басшысы, Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы Чжун Наньшан.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус туралы нақты мәлімет жоқ - осыған дейін ол вирус таралды ма, қай жануарлардан (панголиндерден басқа) жұғады.

Еске салайық, осыған дейін Қытай дәрігерлері де коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтаған еді. Олардың айтуынша, панголин деп аталатын жануар коронавирустың жаңа түрінің аралық иесі болуы мүмкін. Панголиндер құмырсқалармен және термиттермен қоректенеді. 

Сондай-ақ, кейінірек коронавирус мысықтардан да жұғуы мүмкін екені айтылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram