ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2020 | 15:30
Коронавирус мысықтардан жұғуы мүмкін екені айтылды
Польшаның денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский коронавирус мысықтардан жұғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Польшаның денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский коронавирус мысықтардан жұғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Коронавирус мысықтарда жиі болады. Ол вирустар адамға жұғады. Адамның ағзасы жаңа вирусқа бірден соңына дейін әсер етпейді, содан індет пайда болады. Біздің иммун жүйеміз оған үйренбейінше індеттер таралады", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін Қытай дәрігерлері де коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтаған еді. Олардың айтуынша, панголин деп аталатын жануар коронавирустың жаңа түрінің аралық иесі болуы мүмкін. Панголиндер құмырсқалармен және термиттермен қоректенеді. Денесінің ұзындығы 30-88 сантиметр, құйрығының ұзындығы - шамамен соншалықты; салмағы 4,5-ден 27 келіге дейін. Дене жабынында ірі мүйізгек ромб пішінді қабыршақтар бір-біріне черепица тәрізді қабаттасып орналасады. Тек басы, бүйірі, денесінің төменгі жағы, аяқтарының ішкі беті қысқа қатты жүн қабатымен жабылған.
Показать комментарии
Читайте также