ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2020 | 09:43
Коронавирус ошағы болып саналатын Ухан қалыпты өмір сүре бастады
Қытай билігі коронавирус ошағы болып саналатын Узан қаласын 76 күн оқшауланудан кейін ашты. 8 сәуір түнгі уақытта трассалар ашыла бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытай билігі коронавирус ошағы болып саналатын Узан қаласын 76 күн оқшауланудан кейін ашты. 8 сәуір түнгі уақытта трассалар ашыла бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Провинция орталығы Хубейде 23 қаңтардан бастап коронавирус инфекциясына байланысты қала бойынша қоғамдық көліктер, оның ішінде метро, автобус, паром қозғалысы тоқтаған. Тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған.
28 наурыздан бастап Уханда қалаға кіру үшін темір жол қатынасы іске қосылып, ал 8 сәуірден бастап қаладан шығу үшін де жол ашылды. Сондай-ақ әуе қатынасы да жаңартыла бастады. Бұған дейін қытайлық билік Ухан тұрғындары тек жағдайы жақсы болса және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмесе шыға алатынын айтқан.
CGTN телеарнасының мәліметінше, Ухан біртіндеп қалыпты өмірге орала бастаған. Ал коронавирустан емделіп шыққандардың жағдайы жақсы екенін айтқан.
"Менің басты арманым - өмірден рахаттанып, одан ең жақсысын алу", - дейді Ухан тұрғыны.
"Мен ауруханада жұмыс істедім, сондықтан кеспені бір ай бойы жей алмадым. Дәмі керемет. Шын мәнінде, маған бұл дәм жетіспепті", - дейді жергілікті медбике.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также