14 наурыз 2023 09:09

Коронавирус пандемиясы аяқталады - ДДСҰ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Global Look Press

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталатынына сенім білдірді. Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін тапсыру кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Биыл қандай да бір уақытта COVID-19, қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін", - деді Гебрейесус.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы 11 наурызда ДДСҰ алғаш рет COVID-19 індетін пандемия деп жариялағанына үш жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір әлем "пандемия кезіндегіден әлдеқайда жақсы жағдайда".

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram