06 мамыр 2020 09:21

Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Роберт Кох атындағы институт коронавирус пандемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости


Роберт Кох атындағы институт коронавирус пандемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости

Ұйым басшысы Лотар Вилердің сөзінше, вирус тұрғындардың 60-70 пайызы ауырып шықпайынша тоқтамауы мүмкін. 

"Бізге екінші толқыны болатыны белгілі", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол кейбір ғалымдар әлі үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқанын хабарлады. Вилердің сөзінше, арақашықтықты сақтау күнделікті өмірде қалыпты әрекетке айналу керек. 

Еске салайық, 6 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асып, 258 338 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 1,2 миллионнан аса адам айығып шықты. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4205-ке жетіп, 1,2 мың адам айығып, 29 адам өлімі тіркелді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети